Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ысырап

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.
Ысырап

Бір кісі көп қиындықпен таудан отын теріп әкеледі екен, әйелі бәрін есепсіз жағып, қалған отынды сұрап келген елге таратып жіберетін көрінеді.

Әйелінің бұл қылығына шыдай алмаған әлгі кісі бір жолы отын теруге әйелінде ала барыпты. Екеуі таңертеңнен кешке дейін жүріп екі бау отынды әзер жинапты. Оны арқалап ауылға жеткіземін дегенше әйелі қара терге түсіп, әбден шаршапты. Күйеуінің ауыр еңбегін сонда ғана түсінген ол содан былай отынды үнемдеп жағып, сұраншақ көршілеріне:

- Отын керек болса, өздерің таудан теріп әкеліңдер, күйеуімнің әкелгеніне қол тигізбеңдер, - деп қайтарып жіберетін болыпты.

Жоғарыға