Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Алла тағаланы еске алу – парыз

Алла тағаланы еске алу – парыз. Ұмыту да тән нәрсе. Егер біз Алла тағаланы еске алуды ұмытсақ, осы дүниенің әртүрлі, қызылды-жасылды қызық-рахатының соңына түсіп ахиретімізге үлкен зиян жасап, ахиретте өкініште боламыз.

Сол үшін Алла тағала «Нағыз жетістікке жету үшін (яғни,екі дүниеніңде бақытына) Алланы көптеп еске алыңдар» (Жұма, 10).  «Күн шықпай және күн ұясына батпай тұрып Раббыңа мақтау айт және оны пәктеп, ұлықта»(Таһа, 130). Міне, Алла тағала адам баласының қапкерсіз болмауын Құран Кәрімнің көптеген аяттарында ескертіп өткен.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) мүбарак хадия-шәрифтерінде де Алла тағаланы еске алудың   пайдасы туралы көп айтып, ескерткен. Әбу һүрайрадан (р.а.) жеткен хадисте  Расулуллаһ (с.ғ.с) «Алла тағала: «Құлым Мен туралы қандай ойда болса, мен де оған солай қараймын, сондай-ақ, құлым мені есіне алып, Маған мадақ айтып ұлықтаса, Мен онымен біргемін. Егер ол мені іштей еске алса, Мадақ айтса, Менде оны солай есіме аламын. Ал егер  Мені көпшіліктің ортасында есіне алып, Мадақ айтып  ұлықтаса, Мен оны оданда қайырлы көпшіліктің арасында есімін мақтан тұтамын»- деп айтты деген. Бухари Әбу һүрайрадин(РА) келген тағы бір хадисте: «Алла Елшісі (с.ғ.с): «Әл-Мүфарридтер бәрінен озып кетті», – дегенде, сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Әл-Мүфарридтер дегеніңіз кімдер?»  – деп  сұрады. Сонда ол: «Алла тағаланы жиі еске алушы ерлер мен әйелдер», – деп айтқан екен.

Сондай-ақ, зікірдің ең жақсысы – пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) салауат айту. Бұл туралы Алла тағала Құран Кәрімде: «Расында, Алла тағала мен періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Уа, мүміндер! Ендеше, сендерде оған шын жүректен салауат айтып сәлем жолдаңдар» (Ахзаб, 5)  деп ескерткен.

Әбу һүрайрадан (р.а.) жеткен хадисте «Алла Елшісі (с.ғ.с): «Атымды   ести тұра  маған салауат айтпаған оңбасын», – деп айтты деген (Тирмизи) Фадала ибн Уабайд (РА): «Бізде Алла Елшісі(с.ғ.с) бір кісінің намаздан кейін алдымен Аллаға мақтау және Пайғамбарға салауат айтпай бірден дұға еткенін байқап: «Мына кісі асығыстық жасады», – деп айтты. Кейін  әлгі кісіні қасына шақырып алып, оған: «кім болсын дұға еткенде алдымен кемшілік атаулыдан пәк Раббысына мақтау айтудан бастасын. Әрі пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтсын. Содан кейін қалауы бойынша дұға етсін», – деп насихат айтты (Әбу Дәуд).

Міне, ағайын, Алла тағала және  пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) айтып көрсеткендей Алланы жиі зікір етуге тырысып, ұмтылайық. Мал-дүние, іс-әрекет, ниет,  тым болмаса тіліміз бен шынайы түрде ахирет қамын жасайық. Алла тағала баршамызға тура жол, иман және ізгі амалды жақсы әрі көп жасауды нәсіп етсін, ісімізге жеңілдік бергей.

 

Қанапия Орынбаев,

«Есенгелді Нұршайұлы» мешітінің имамы

Жоғарыға