Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ата ананың қадірлеу – сүннет

 Исламда ата-ананың қадірін жоғары орынға қойған. Адамның дүниеге келуіне себепкер болып, жетілуінде ерекше рөлі бар ата-аналар ең әуелі құрмет көрсетілуіне тиіс аяулы жандар. Бұл туралы Алла тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Алла тағалаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан-жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен, Алла тәкаппар, мақтаншақтық жақсы көрмейді» (Ниса сүресі 36 аят).

Міне, Алла тағала осы аятта өзінен кейінгі орынға ата-ананы құрметтеуді қойған. Қазақта «Ата-анаң жынды болса байлап бақ», деген қанатты сөз бар. Бұрын діннен хабары болған ғұлама ата-бабаларымызда ата-ананың қадірін жақсы біліп, олардың құрметін жақсы жасай білген. Алла тағала тағы бір сөзінде: «Маған және әке-шешене шүкір ет», деп бұйырған. Ата-ана бала үшін бар жақсылықты жасайды, оның ауыры мен жеңіліне, ыстығы мен суығына төзіп, бел ауыртып жұмыс жасап баласын бағып, қағады. Баласы жамандық көрмесін деп өзі бар қиынға төзеді. Соны көріп біліп өскен кейбір балалар ата-ананың қадірін түсінбестен, қызметін қылмастан, ауыр сөздер айтып, қарттар үйіне өткізіп жатады. Біз үшін түн ұйқысын төрт бөлген анамыздың рөлі ерекше. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербейді. Ұлттың ұлт болып қалыптасуына, әр адамның бойына даритын адамгершілік қасиеттер, барлық ізгіліктің бастамасы анадан даритынын байқаймыз. Әрбір ұлы тұлғаның артында әйел тұрады деген сөз бар, яғни ол ана. Бұрынғы ұлы ғалымдарды да бала кезінен дінге деген сүйіспеншілігін аналары оятқаны тарихтан мәлім. Бірде бір кісі Алла елшісіне (с.ғ.с) келіп былай деп сұрайды: «Уа, Алланың елшісі (с.ғ.с) анам көз алдымда қартайды, мен оны бағып қақтым, тамағын бердім, сусының ішкіздім, дәретін алдырдым, тіпті арқалап та жүрдім. Мен борышымды өтей алдым ба?-деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с): Жоқ. Жүзден бірінде өтемедің. Бірақ сен жақсы амал жасапсың. Алла тағала сенің аз амалына көп сауабын береді», – деп жауап берді.

 Ананың айтқан ақылымен адам адамдығын сақтайды. Алланың бұйрығына сай ата-ананы құрметтеп олардың қарғысын алудан сақтанғанымыз жөн. Аллаға серік қосу қаңдай үлкен күнә болса, ата-анаға қарсы шығу соңдай үлкен күнәлардан болып табылады.

 

Бейбіт Агибаев,

 

 «Әйіп қажы» мешітінің найб имамы

Жоғарыға