Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

ЕСІМ ТАҢДАҒАНДА ЕСТІ БОЛАЙЫҚ!

                   Тәрбие тал бесіктен бастауалады» деген ата-бабаларымыз «өмір»атты жарық дүниенін есігін ашқан жаснәрестенің тәрбиесіне ешқашан бейқамқарамаған. «Ұяда не көрсеңұшқандасоны ілесің» демекші, жұмыр бастыпендеге Аллатарапынан берілген өмірліктағдырында қанша жыл ғұмыр кешкенболса, оның негізгі іргетасы жастайынан берілген тәрбиеге тікелей байланысты.Күнделікті өмірімізде жиі жүздесе бермейтін иманды, ізгілік жолынұстанған пендені нұсқағанда «Ол адам Құдайдан корыққан, өзгенің ала жібін аттамайтын еді» деп өзімізге үлгі тұтып жатамыз. Біріншіден, Аллаға, одан қалса әке-шешесіне шүкір ететін қайырлы ұрпақ тәрбиелеу - ата-ананың басты парызы болып табылады. Осындай иман жүзді, санасында ақ пен қараны саралайтын, түйсігінде түйгені барұрпаққана келешегімізді жарқын ететіні сөзсіз. Әйтпесе, «Уа, Алла, маған бала бер! Бала берсең сана бер, сана бермесеңала бер!» деп мұндай ұрпақтыңұлт, Отан, әулет болашағына балта шабатынын қарттарымыз білген-ау, сірә. Сәби дүниеге келген отбасында немесе үлкен әулетте қарт ата-әжелер болса, балаға есімді солар таңдайды. Үлкендер жағы өздеріне таныс, мағынасы қанық аттарды таңдаса, жастар жағы заманауи есімдерді қоюға ұмтылады. Ескі немесе жаңа есімдер қойылса да оның мағынасына баса назар аудару керек. Өйткені, адамды өзге адамдар есімі арқылытаниды,солайшақырады.Сол үшін адам өзінің есімінің ыңғайсыздығынан немесе кұлаққа түрпідей тиюінен қысылмайтын болуы керек. Өз заманының атақты ғалымына бір адам келіп: «Баламқырқынан шықты. Енді оны Ислам дініне тәрбиелей берсем бола ма?» - дегенде, ғалым кісі: «40 күн кешігіп қалыпсың», - деген екен. Жаңа нәресте өмірге келгенде Пайғамбар өсиетін сақтаған адамдар баласы перзентханадан шыға салысымен құлшылық орны - мешітке келіп, Алланың атымен құлағына азан шақырып атын кояды. Бұл қадам сәби үшін ата-анасының жасаған алғашқы сауапты әрі қайырлы қадамдарының бірі. Нәрестенің алғашқы естіген даусы азан үні болғаны дұрыс. Себебі, оқылған азан мен қамат сәбиге жасалған алғашқы иманқадамы болып табылады. Азанның мағынасы мен мазмұнында тәкбір (Алланыңұлықтығы), таухид (Алланың жалғыздығы), пайғамбарлық және намаз сияқты діннің негіздері қамтылады. Азан шақырып ат қою-Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардан қалған өсиет һәм сүннет амал. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) баланыңқұлағына азан шақырып, жақсы есім қоюды үмбетіне өсиет еткен. Күнделікті оқылатын бес уақыт намаздың уакыты кіргенін мұсылмандарға хабарлағанда азан айтылады, сондай-ақ, сәбиге ат қояр сәтте де құлағына азан шақырылады. Сахаба ибн Аббастың (р.а.) риуаят етуі бойыншаПайғамбарымыз (с.ғ.с.) немересі Хасан дүниеге келгенде, оның оң кұлағына азан, сол кұлағына қамат оқыған екен. Перзентініңқұлағына азан шақырып, жақсы есім қою - Ислам дінінің ата-анаға жүктейтін жауапты міндеттерінің бірі. Әке-шешесі таңдаған есім баласы өскенде кесірін тегізбейтін болуы шарт. Сондай-ақ, адам есімінің мағыналық тұрғыда өте сауатты болуының маңызы туралы хадис-шәріпте де айтылған. Сүннетте бала туыла салысымен немесе туылғанына жетінші күні ат қойылған. Бір хадисте бұл туралы: «Баланыңәкесіндегі кұқықтарының бірі жаксы әдеп пен жақсы есім» делінген (Суюти, әл-Жамиғус-сағир 2,538). Тағы бір хадисте: «Сендер қиямет күні аттарыңмен және әкелеріңнің есімімен шақырыласыңдар» делінген (Әбу Дәуіт, Әдеп, 70). Есіміміздің дұрыс аталуы мен жазылуына да мән беру керек. Кеудесінде кішкене болса даұлттық намысы бар, өзінің халқын, ұлтын мақтан тұтатын әрбір ата-ана баласына ойланып барып атқойса екен деймін. Ештеңеден хабары жоқ жаңа туған сәби ата-анасыныңөзін қалай атағанын білмейді. Бірақ, есейе келе өз атыныңқандай мағынаға ие екенін білуге талпынады. Сондықтан, ат қоюдағы үлкен жауапкершілік - ата-анада. Баласыныңөмір бойы көтеріп жүретін есімі болғандықтан алдымен ата-анасы бұған бей-жай қарамай, барлық жағын ескеруі керек. Азан шақырып ат қою - сәбиге ат қоюдың мұсылманша дәстүрі. Сәбидіңқұлағына азан шақырып, екінші кұлағына қамат айтып, есім қою сүннет амал болып саналады. Бұл амал нәрестенің жынысына қарамай ұлға да,қызға да жасалады. Ислам дінін ұстанғанқазақ халқы үшін тым жат емес дәстүрлердің бірі болғандықтан «Азан шақырылып қойған аты» деген тіркесті күнделікті өмірімізде жиі естиміз. Қазақтыңұлы ақыны Абай Құнанбайұлының азан шақырылып қойылған аты - Ибраһим, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі Шоқан Уәлихановтың азан шақырылып қойылған аты - Мұхаммед Қанафия. Осындай мысалдар өте көп. Демек, ұрпағымызға жақсы ат қою -бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.


                  

Жоғарыға