Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Дін дегеніміз - көркем мінез

Ислам - көркем мінезге шақыратын ең соңғы иләһи дін. 

"Дін деген не?" сұраққа Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үш рет "ДІН - КӨРКЕМ МІНЕЗ" деп жауап қатқан екен. Ал, көркем мінез деген не? 

"Жақсы мінез - жан сұлулығы" деген нақыл бұрыннан да мәлім. Қарапайымдылық,адамгершілік,адалдық,өзгелерге жақсылық жасау,қиындыққа сабырлылық таныту сияқты жақсы қасиеттердің бәрін бір ауызбен көркем мінез дейміз. Ал кісіні менсінбеу,сабырсыздық таныту біздің діннен емес. Атамыз қазақта "Тәкаппарды Тәңір сүймейді","Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" деп жастарды жан сұлулығына баулап отырған. 

Айша анамыз (р.а) "Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мінезі - тұнып тұрған Құран" деген болатын . Ендеше, көркем мінездің қайнар көзі - Қасиетті Құран. Ислам шариғатында ата - ананы қадірлеу бұйрық,ал кедей-кепшікке жақсылық жасау - ғибадат саналады. Олай болса, Аллаға ұнамсыз,адамға зиянын келтірер теріс әрекеттерден қашып,тек жақсы амалдар жасауға асығайық.

 Ол үшін Жаратушымыз бізге жақсы мен жаманды айырар ақылды,сезінер жүректі,ең бастысы дінімізді  нәсіп еткен. Мейірімді,әділетті Алла  түбінде көркем мінезді жанды сый-сыяпатсыз қалдырмасы анық. 

Нариман  ЕРМАҒАМБЕТОВ, 

Мәулімберген мешітінің наиб имамы. 

Жоғарыға