Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Басшылық қызмет – үлкен аманат

Алла тағала осы дүниедегі көптеген нәрселерді қолдану тұрғысынан адамзатқа аманат ретінде жүктеген. Мысалы Байлық, бала, денсаулық, атақ, абырой, осы сяқты барлық нығметтер адамға берілген. Біз осы берілген аманаттарға өте мұқият болуымыз керек. Өйткені осы дүниеде берілген аманатқа дұрыс қарасақ, ертеңгі күніміздің жарқын болары сөзсіз. Егер бұрыс қарасақ ертең Алла тағаланың алдына барғанда өкініштен басқа еш нәрсе таппаймыз

Осы өмірде берілген ең үлкен болатын сынақ ол – басшылық қызметін атқару. Өйткені басшылық лайықты түрде орындалған жағдайда сауабы көп, лайықсыз орындалған жағдайда обалы ең ауыр болатын жауапкершілік. Жалпы Құранда Алла Тағала аманатты өз иесіне толық тапсыруды әмір етеді. Құранда: «Алла сендерге аманатты иесіне лайықты тапсыруларыңды, адамдар арасында билік айтар болсаңдар әділдікпен үкім берулеріңді бұйырады», – дейді                                                                                               (Ниса, 58 ).

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) осы құранның қағидасына сүйене отырып адамдарды қабілетіне қарай орындарға тағайындаған. Егер адамдар өзінің лайықты міндеттерін орындамаса онда бізге ақыр заманның жақындағанының белгісі.

Бірде Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) бір адам ақырзаман қашан болады? А – деп сұрағанда «Аманат зая кеткен кезде қияметті күт», – деп жауап берді әлгі адам. Аманат қалай зая кетеді? деп сұраған кезде істер лайықсыз адамдарға берілген кезде қияметті күт деген болатын (Бухари).                                                                                    

Отбасындағы аманаттар да біз үшін өте маңызды. Алла елшісі оған Алланың игілігі мен салемі болсын: Барлығың шопансыңдар және барлығың баққандарыңа жауаптысыңдар. Иман – шопан және қарамағындағыларға жауап береді. Еркек – отбасының шопаны, ол қол астындағыларға жауапты. Әйел – күйеуінің үйінде шопан, ол да малына жауапты, қызметші қожайынының малы мен баққандарына жауапты», – деген (Бухари).

Осы тұрғыдан алғанда қарапайым адамнан ғалам адамның жауапкершілігі өте зор болары сөзсіз.Осыған байланысты осы оқиғаны айта кетейік.

Бір күні Әбу Ханифа (р.а) балшықта жүрген бір баланы көреді. Оған мейіріммен күлімсіреп: «Балам, абайла, жығылып қалма! – деді.

Бала оған кемелдікпен былай деп жауап береді: «О, имам! Негізінде сіз өзіңіз абайлаңыз, құлап қалмаңыз! Өйткені ғалымның құлауы әлемнің күйреуі деген сөз. Менің жығылғаным ештеңе емес, жығылсам өзім ғана зиян шегемін. Бірақ сіздің аяғыныз таятын болса, сіздің артыңыздан  ергендердің де аяғы таяды, жығылады, олардың барлығын тұрғызу қиынға түседі деген.

Имам осы сөзден қатты әсерленіп үлкен тебіреніске түседі. Алла тағала кімге басшылық нәсіп етсе, оның жеңілдігін нәсіп етсін, – деп Алла тағаладан сұраймыз ағайын. Амин

                                            

  Жамелов Ринат,

Құспан мола мешітінің

наиб имамы                          

 

 

Жоғарыға