Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Дәурен Абаев: Дін саласы бойынша стратегиялық құжат қабылдау қажет

Дәурен Абаев: Дін саласы бойынша стратегиялық құжат қабылдау қажет

    іslam-atyrau.kz/28 қаңтар, 2020 жыл. «Жусан» операциясының арқасында елге оралған әйелдерді 100 пайыз оңалту керек. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты.

«Дін саласында біздің алдымызда келесідей міндеттер тұр. Біріншіден, орта мерзімді келешекте дін саласын дамыту бойынша стратегиялық құжат әзірлеп, қабылдау қажет. Биыл 2017-2020 жылдарға арналған Дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдасын жүзеге асыру мерзімінің аяқталатындығы белгілі» деді Дәурен Абаев.

Министр екіншіден, осы салаға басшылық жасайтын орынбасарына «Жусан» операциясы арқасында лаңкестік белсенділік ушығып тұрған аймақтардан елімізге оралған әйелдерді 100 пайыз оңалту міндетін жүктеді. «Үшіншіден, биыл Дінтанушылардың форумы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің XIX хатшылығын өткізу қажет. Төртіншіден, Алматы қаласында «Нұр-Мүбәрак« университетінің жаңа корпусының құрылысын бастау керек» деді ол.

 

Дереккөз: "казислам.кз"

Жоғарыға