Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Махамбет ауданында Мәуліт кеші болып өтті

   islam-atyrau.kz/29 қараша, 2019 жыл.  Махамбет ауданының орталық мешітінде Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш болып өтті.

Іс - шараға Атырау облысының орталық мешітінің ұстазы Ерболат Боханов арнайы қатысып, қасиетті айдың ерекшелігі туралы уағыз айтты.

"Мәуліт негізінен арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Күллі адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған уақытына байланысты тойланатын мейрам мәуліт мерекесі деп аталады.

Пайғамбардың (с.ғ.с.) өнегеге толы өмірі мен мағыналы өсиетін, тағылымы толассыз ғибратты ғұмырын халқымызға насихаттау – баршаға ортақ игі іс.

 Бұл дінімізді насихаттаудың, жас ұрпақты имандылыққа, жақсы мінез-құлыққа шақырудың жолы. Әлемдердің Раббысы қасиетті Құранда пайғамбар хақында: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» («Қалам» сүресі, 4-аят), - деп сипаттаса, тағы бір аятта барша адамзатты Алла Елшісінен (с.ғ.с.) өнеге алуға шақырады: «Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнінде үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар» («Ахзаб» сүресі, 21-аят).

Мәуліттің мереке ретінде атап өтілуі  ислам ғұламалары тарапынан жоғары бағаға ие болған" дейді ұстаз Ерболат Боханов.

Махамбет ауданының бас имамы Ержан Насихатұлының ұйытқы болуымен өткен шараға қырыққа жуық жамағат қатысты. 

 

 

     

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Жоғарыға