Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Елбасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне көңіл айтты

  islam-atyrau.kz/19 қараша, 2019 жыл. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Халифа бен Заид Әл-Нахаянға ағасы шейх Сұлтанның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Шейх Сұлтан тарихта биік тұлға ретінде із қалдырды, Біріккен Араб Әмірліктерінің қалыптасып, гүлденуіне сүбелі үлес қосты. Оның жарқын бейнесі халқыңыздың жадында мәңгі сақталарына сенімдімін» делінген жеделхатта.

Жоғарыға