Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Мақат ауданында "Жеті рухани қазық" тұғырнамасы насихатталды

Мақат ауданында "Жеті рухани қазық" тұғырнамасы насихатталды

  islam-atyrau.kz/16 қараша, 2019 жыл.  Мақат аудандық орталық мешітінде өткен іс шараға жергілікті жамағат қатысты. 

«Жеті рухани қазық» атты Қазақстан мұсылмандары рухани тұғырнамасының басқа құжаттардан арқалаған жүгі ерекше. Шынын айтуымыз керек, біздің осы күнге дейін «ихсан» тақырыбын көтеруге мұршамыз болмады. Қазақстан мұсылмандары рухани жаңа тұғырнамасы осы олқылықтың орнын толтыруға арналған бірегей құжат болатынына сенім мол.

Рухани тұғырнаманың беташары Хақ-Тағаланың: «Шын мәнінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан һәм зорлық-зомбылықтан тыйып, сендерге насихат береді», (Нахл, 90) деген аятынан басталады. Сондай-ақ, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мен көркем мінезді кемелдендіру үшін жіберілдім» деген хадис-шарифімен жалғасады. Рухани тұғырнама аталған аят пен хадистің тәпсірі іспетті. Өйткені, құжаттың мазмұны осыған сай өрілген» деп атап өтті өз сөзінде Біләл Сағындықов.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға