Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Исатай ауданына сапар аясында Бас имам жиырма отбасына азық-түлік үлестірді

   islam-atyrau.kz/14 қараша, 2019 жыл.  Исатай ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті орталық мешітте  жамағатпен танысып, кейін қайырымдылық шарасын өткізді.

Қайырымдылық акциясы әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықты қажет ететін жиырма отбасын қамтыды.

Қайырымдылық акциясы барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы өзгеге қамқорлық жасау – мұсылманның парызы екендігін атап өтті. «…Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздікке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» дейді қасиетті  Құран Кәрімде. Әрбір иманды жанның осы аяттан алатын ғибраты да, ізгілікке жол көрсететін өнегесі де баян етілген. Қоғамда да  күнделікті жиі қолданылып отыратын дана сөздерінің бірі: «Кең болсаң – кем болмайсың» деудің  мәніне үңілсеңіз, адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзеп отыр. Яғни, ізгілік іс жасаған адамның төрт құбыласы тең болады» деп атап өтті өз сөзінде Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Әрқайсысы 25 кг болатын пакет ет және бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен қамтамасыз етілген.  

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Жоғарыға