Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ұстаз Батыржан Мансұровқа алғыс айтып, Бас имам Алтынбек Ұтысханұлына сәттілік тіледі

 islam-atyrau.kz/19 қазан, 2019 жыл.  Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ҚМДБ-ның Діни білім жəне кадр даярлау бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған дін өкілдерін қабылдады.

Қабылдау барысында Нұрлан Ноғаев бұған дейін Атырау облысының Бас имамы лауазымында болған Батыржан Мансұровқа дін саласын өркендету жолындағы еселі еңбегі үшін алғыс айтты.

Арнайы тапсырылған алғыс хатында ұстаз Батыржан Мансұровтың дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабын мұнайлы өңірге кеңінен тарату, мешіттерді діни сауатты мамандармен толықтыру, жаңа мешіттер тұрғызу жолындағы айрықша еңбегі атап өтілген.

Бұдан әрі аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев мұнайлы өңірге Бас имамдыққа тағайындалған «Нұр - Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің түлегі, магистр Алтынбек Ұтысханұлының жұмысына сәттілік тіледі. 

Еске сала кетелік, жұма күні Атырауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мұнайлы өлкедегі жаңа өкілі тағайындалған болатын. Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығын жұма намазы алдында ҚМДБ-ның Діни білім жəне кадр даярлау бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев таныстырған еді.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға