Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Мəулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов мектеп оқушыларымен кездесті

  islam-atyrau.kz/17 қазан, 2019 жыл. Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан«Мəулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов Бірлік ауылындағы Боран Нысанбаев орта мектеп оқушыларымен кездесті.

 Жоғары сынып оқушыларымен арада өткен кездесуді  мектеп директоры Жазықбай Асанов ашып, жүргізіп отырды.

Кездесу барысында «Мəулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов білім алудың маңызы, жастық шақты пайдалы өткізу хақында  уағыз-насихат айтты.

«Мұсылманды білім ізденуге жігерлендіретін аят-хадистер жетерлік. Солардың бірі мына хадис болмақ. «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалым үшін міндетті түрде аспандағы және жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Алладан оның күнәларының кешірілуін тілейді» деп атап өтті дін өкілі Мақсот Бағытжанов.

Кездесудің екінші форматы сұрақ-жауап форматында өрбіді. Оқушылар белсенділік танытты. Кездесу соңында мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Əсел Мусина дін маманына мектеп ұжымы атынан алғыс айтты.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға