Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жылыой ауданында қайырымдылық шарасы өтті

  islam-atyrau.kz/14 қазан, 2019 жыл.   Қазан – қамқорлық айына орай, Жылыой ауданында қайырымдылық шарасы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі  Жастар ісі секторының Жылыой ауданындағы бөлімі ұйымдастырған шара аясында қарттарға дастархан жайылды.

Мерекелік дастархан қамқорлықты қамқорлықты қажет ететін қарттарды  және мүмкіндігі шектеулі жандарды қамтыды.

Шара аясында Жылыой мұсылмандар мешітінің ұстазы Думан Балықшиев «адамдарға мейірімді болу»  тақырыбында уағыз айтты.

«Қазақ халқы ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі Ислам діні қоғамда, мемлекетте тыныштықты, адамгершілікті, парасаттылықты насихат етеді. Алла Тағала адам баласын Құран Кәрімде: «Ол жаратылғандардың ішіндегі ең абыройлысы», – деп дәріптейді. Сондықтан, ата-бабаларымыз осы ұстанымды басшылыққа ала отырып, ұрпағын ізеттілікке, ізгілікке тәрбиелеген. Халқымыз ғасырлар бойы дінді руханияттың негізі санап келді. Ұлттың рухани құндылықтары дін қағидаларымен үндесіп жатты. Яғни, дін руханияты дәстүрлі құндылықтарға негіз болып қаланды» деп атап өткен ұстаз жастарды ізгілік жолында бірігуге үндеді.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға