Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Махамбет ауданында Атырау өлкесінің мешіт жамағаттары бас қосты

Махамбет ауданында Атырау өлкесінің мешіт жамағаттары бас қосты

 islam-atyrau.kz/11 қыркүйек, 2019 жыл.  Атырау облысына қарасты аудандардың жамағаты Махамбет жерінде бас қосты.

Аталмыш басқосуға орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Ерболат Боханов барып, арнайы қатысты.

Табиғат аясындағы демалыс форматында өткен басқосуда ұстаз Ерболат Боханов жамағат арасындағы бірлікті сақтау мәселесі жөнінде уағыз айтты. «Алла Тағала адамзат баласына «Бөлінбеңдер!» деп, бауырмал болуға бұйырған. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) басшыға бағынып, бүлік шығармауды үгіттеуінде үлкен мән бар. Асылында, жамағаттың бірлігі – қоғамның тұтастығы, елдің тыныштығы» деп атап өтті ұстаз Ерболат Боханов.

Ерекше форматта өткен басқосу аясында жамағат қазақша күрес, арқан тарту сынды ұлттық спорттық ойын түрлерінен өзара сынға түсті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Өз балаларыңа садақтан оқ атуды, суда жүзуді жəне атқа мінуді үйретіңдер» деген. Осы ретте, бұқаралық спорт насихатталған шараның жамағатты төзімділікке, қайраттылыққа, мақсатшыл болуға үндегенін атап өткеніміз жөн.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Жоғарыға