Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Жұлдыз мешітінде әр бейсенбі сайын ауызашар беріледі

Жұлдыз мешітінде әр бейсенбі сайын ауызашар беріледі

  islam-atyrau.kz/9 қыркүйек, 2019 жыл.  Атырау қаласындағы Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт ерекше бастаманы қолға алды.

Әр аптаның бейсенбісі сайын аталмыш мешіт жамағатқа ауызашар ұйымдастырып отыр. «Ондағы мақсатымыз – жамағат арасындағы ауызбірлікті нығайту. Қазіргі таңда ислам дінінде жамағаттар көп. Бірақ, Алла Елшісінің (с.ғ.с) айтып өткен «Жаннатта болатын бір топ, ол – жамағат» дегені қайсысы? Бәрі де жамағат бола беретін болса Алла Елшісі (с.ғ.с) «Сендерге жамағатпен бір болу міндетті, бөлінушіліктен сақтаныңдар, расында шайтан жалғыздың жанында болады, ол екеуден алыс тұрады, ал кімде-кім жаннаттың ләззатын сезінгісі келсе, ол жамағатпен болсын» деп ескерткен жамағаты қайда қалды? Сондықтан, бізге бір мәзһабты ұстанып, бірлікте болу маңызды» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.  

Жоғарыға