Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Доссор ауылындағы «Сәтен - Шәмек» мешітінде Құран жарысы өтті

islam-atyrau.kz/14 тамыз, 2019 жыл.   Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде орналасқан «Сәтен - Шәмек» мешітінде Құран жарысы өтті.

Жазғы сауат ашу курсында оқыған шәкірттер арасында өткен білім додасына қатысушылар Құран-Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша өзара сынасты.

Тартысты өткен бәсекеге Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің бірінші наиб имамы Мұрат Мұстафаев арнайы қатысты. Бас мешіттің бірінші наиб имамы Мұрат Мұстафаев төрағалық еткен жарысқа Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Хусейн Кая, «Мақат аудандық» орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов және «Сәтен-Шамек» мешітінің имамы Батыр Бердиколов қазылық жасады.

Білім бәйгесі кезінде шәкірттер Құранның 30 парасын, 29 парасын және 28 парасын, сонымен бірге, «Дұха» сүресі мен «Нас» сүрелерін мәнерлеп оқу бойынша өзара бақтарын сынасты. Сайыс қорытындысында жүлдегерлер арнайы диплом және сыйақылармен марапатталды.

 

 

       

 «Мақат аудандық» орталық  мешітінінің баспасөз - қызметі.

Жоғарыға