Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Миссия ұжымы қажыларды Құрбан айтпен құттықтады

  islam-atyrau.kz/12 тамыз, 2019 жыл.  Бүгін Меккеде арнайы іссапармен жүрген Қазақстан қажылық миссия өкілдері елден келген қажыларды Құрбан айтпен құттықтады.

Таң намазынан соң Мина жазығында орналасқан отандастарымыздың жағдайы да бақылауға алынды. Шатырлардағы астың берілуі, ауыз сумен қамтамасыз етілуі және жергілікті интернет қызметіне қосылуына дейін жіті тексерілді. Алдымен сөз алған Миссия төрағасының орынбасары, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың ыстық сәлемін жеткізді. Осылайша барша мұсылман үшін ұлық мереке саналатын Құрбан айтты тойлау басталып кетті.

Шара барысында білікті ұстаздар жиылған жамағатқа уағыз айтып, рухани азық сыйлады. Бірнеше шатырда орналасқан отандастарымыздың халін білу үшін құрылған жұмыс тобы тексеруді жалғастыра бермек.

Жоғарыға