Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау: Бас имам жазғы сауат ашу курсының шəкірттеріне сертификат табыстады

Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен Мүфтияттың Атырау облысы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерде "Имани жаз" жазғы сауат ашу курсы жүргізілгені белгілі.

Кеше орталық "Иманғали" мешітінде аталмыш курста сауат ашу курсында білім алған елу шəкіртке сертификат  табысталды. "Имани жаз" жазғы сауат ашу курсында балаларға діни мағлұмат берілген еді. Соның ішінде шəкірттер əліпби оқып, дұға жаттап, ислам дінінің негізгі қайнар көздері туралы ұстаздардан ілім алған болатын. Екі айға жуық өткен курс барысында шəкірттер сапалы білім алғандарын көрсетті" дейді сертификатпен бірге, сыйлықтарды қоса табыс еткен орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі

Жоғарыға