Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жылыой мешітінде намаз бастаушы жамағатқа кітап үлестірілді

islam-atyrau.kz/13 шілде, 2019 жыл.    Мешіт ең алдымен Алланың үйі. Құлшылық ордасының басты міндеттерінің қатарында қоғамдық тәрбие, ағартушылық қызмет те бар.

Жылыой ауданының орталық мешітінде намаз бастаушы жамағатқа кітап таратылды.  "Намаз оқып үйренейік"  атты кітаптың жүз данасы намазға жаңадан келіп жатқан жамағатқа нұсқаулық есебінде таратылды. Сонымен бірге, мешіт жамағаты қатарын енді толықтырып жатқан бауырларымыз үшін имам ағзам Әбу Ханифа  мәзһабымен намаз оқу үлгісі көрсетіліп, діни сұрақ-жауап жүргізілді. Біздің мақсатымыз қоғамға асыл дініміз туралы кеңірек ақпарат беру" дейді "Жылыой мұсылмандар" орталық мешітінің ұстазы Думан  Балықшиев.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Жоғарыға