Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

"Темірәлі" мешітінің балансына тұңғыш рет үй берілді

  Құрманғазы ауданының орталық "Темірәлі" мешітінің балансына үй берілді.

       Басыбайлы баспананың кілтін аталмыш ауданға сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров жұма намазы кезінде жамағат алдында салтанатты жағдайда тапсырды.

       Айта кетерлігі, аталмыш үй "Темірәлі" мешітіне демеушілер тарапынан беріліп отыр. Енді, бұл үйді мешіт қызмет қылу үшін келген имамдардың қызметтік пәтері ретінде пайдаланатын болады. Төрт бөлмелі кең үйдің ауласында екі бірдей шағын үй де тұрғызылған.

       Жамағат алдында демеушілерге ризашылығын жеткізген Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров Алла разылығы үшін қамқорлық жасаған пенденің екі дүниеде де мол сауапқа кенелетіндігін атап өтті. Игі іске жергілікті жамағат та ризашылығын білдірді.

        Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.


Жоғарыға