Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас мүфти халал стандарттау бағытындағы жобаларды талқылады

Қазақ елінің Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз Ресейдің HalalGuide жоба жетекшісі Айрат Касимовті қабылдады. «Елордада өткен кездесуде Ресейден келген мәртебелі мейман Бас мүфтиге халықаралық халал стандарттау саласына бағытталған жаңа жобаларды таныстырды» деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

Кездесу барысында Қазақстан  мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы халал стандарттау мәселесін мүфтияттың басты назарда ұстап отырғанын атап өтті. Қазіргі таңда мүфтият мамандары Малайзия, Түркия сынды жетекші елдермен халал стандарты бойынша тәжірибе алмасып, белсенді қызмет атқаруда.

Ресми қабылдауда Айрат Касимов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен өзара ынтымақтастық келісім аясында бұл саланы бірлесе дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Кездесуде тараптар екіжақты біріккен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Жоғарыға