Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Доссор халқы Ораза Айт мерекесін атап өтуде

Мұсылмандар асыға күтіп, қимастықпен қоштасатын ұлық ай Рамазан да өз мәресіне жетті. Ораза тұтқан құлдарына Алла Тағала Айт мерекесін сыйлаған.

            Бұл мерекеде мұсылмандар өзара дидарласып, бір-біріне деген ыстық ықыластарын білдіреді. Ораза айт мерекесі биыл қасиетті жұмамен тұспа – тұс келді. Осы мерекені Мақат ауданына қарасты Доссор мұсылмандар мешітінің жамағаты және ауыл адамдары да жылдағы дәстүр бойынша атап өтті.

            Күннің шығысымен мешітке жиналған жамағат қарасы көп болды. Доссор мұсылмандар мешітінің Бас имамы Елдос Мүсілімұлы жиналған көпшілікке уағыз насихат жүргізді. Айт намазынан соң, айт құтпасы оқылып, жамағатпен дұға жасалды.

            Құлшылық ғибадаттарын өтеген жамағатқа мешітте дастархан жайылып ақ ұсынылды. Одан соң мешіт ауласында балаларға арналған ойын алаңы құрылып, ауыл балалары асыр сала ойнады.  Айт мерекесі  қазақша күрес, қой көтеру сынды ұлттық ойындармен өз жалғасын тапты.

            Алла Тағаланың сыйы  - Ораза Айт  мерекесі биыл да жоғары дәрежеде өтуде.

            Доссор мұсылмандар мешітінің баспасөз-қызметі.


Жоғарыға