Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жастар жамағаты ауызашарда бас қосты

Қасиетті Рамазан жамағат арасындағы ынтымақты ауызашар дастарханында одан әрі арттыруда. 

      Атырау қаласының Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте де Рамазан айы басталғалы бері үздіксіз ауызашар дастарханы ұйымдастырылып келеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен құрылған "Иман жастары" еріктілер тобы кеше Жұлдыз ауылындағы мешітке келуші жастар жамағатымен ауызашарда бас қосты. 

      Басқосу кезінде жастардың діни білім алуы мәселесі көтерілді.  "Жас буынды қасиетті Рамазан айында уақытты негізінен мешіт қабырғасында өткізіп, құлшылық етуге және қайырлы істермен айналысуға үндедік. Және де жастар жамағаты бір-бірін жақын танып, бауыр ретінде араласып жатса, бұл да болса сүннеттің орындалғаны әрі берекелі амал болар еді" дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы. Кездесу барысында жастар жамағаты да өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.

      Қазіргі таңда аталмыш мешітте бір мезгілде екі жүз адамға ауызашар берілуде. Оның ішінде қырық орын әйел жамағатына арналған.

      Орталық "Иманғали"  мешітінің баспасөз-қызметі.


Жоғарыға