Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

АТЫРАУДА БАС МҮФТИ АТЫНАН АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың  бастамасымен кеше орталық "Иманғали" мешітінде алғашқы ауызашар ұйымдастырылды.

Мешіт ауласына тігілген төрт киіз үйге жиналған жамағат санында шек болмады. Қасиетті Рамазан айының алғашқы ауызашарына жиналған жұртшылықты өкіл имам Батыржан қажы Мансұров құттықтап, оразаның әр күнін қайырлы, сауапты амалдарға арнап отыруға үндеді.

"Қасиетті Рамазан айындағы сауабы мол амалдардың бірі - аузы берік жандарға ауыз аштыру. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хадистерінің бірінде "Рамазан айында кім адал табысынан аузы берік жанға ауыз аштырса, Рамазанның барлық түнінде періштелер оған дұға етеді. Қадір түнінде Жәбірейіл онымен амандасады. Жәбірейіл кіммен амандасса, оның жүрегі жұмсарып, көздерінің жасы көбейеді" дейді. Тағы бір хадистерде "Бір адам осы айда аузы берік адамға ауыз аштырса, күнәлары кешіріледі. Ораза ұстағанның сауабындай сауап алады" делінген. Қасиетті айда мұқтаж жандарға әлеуметтік, рухани тұрғыда қолдау көрсетудің де берекесі мол" деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы.     

Айта кетелік, ауызашарға Атырау облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов арнайы мейман ретінде қатысып, ораза ұстаған ағайынға жылы лебізін жеткізді.

          Атырау облыстық "Ианғали" орталық

мешітінің баспасөз қызметі




Жоғарыға