Жазғы сауат ашу курсының қыздар тобы бой сергіту сапарын ұйымдастырды
28-маусым күні жазғы сауат ашу курсының қыздары «Байзар» ойын-сауық орталығына барып, бой сергіту сапарын ұйымдастырды. Курс шәкірттеріне ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының мүшесі, мешіт ұстазы Бибінұр Урбисинова мен мешітте іс-тәжірибеден өтіп жүрген Шаттық Серікқызы жетекшілік етіп, олардың көңілді демалуына ықпал етті.
Ұстаздар шәкірттерді «Байзар» сауда орталығының дәмді тағамдарымен құрметтеп, сыйлықтар тарту етті.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі