Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Өкіл имам Рамазан айына байланысты баспасөз мəслихатын өткізді

25-мамыр күні  ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мəслихатын өткізді.

          Мәслихат барысында қасиетті Құран түскен Рамазан айының қадір-қасиетін атап көрсеткен өкіл имам берекелі айдағы ораза құлшылығына қатысты біраз  мәселелерге тоқталды.

-  Биылғы Рамазан айы 29 күн болып белгіленді. Яғни, 26-мамыр күні тарауих намазын оқыған мұсылман жұртшылығы 27-мамырдан бастап ауыз бекітіп, ораза ұстайды. Рамазан жасаған сауаптар сансыз еселеніп, Алланың разылығына қауыштыратын қайырымдылық айы болғандықтан, мешітімізде қайырымдылық істер көбірек жасалады. Ораза басталған күннен бастап ауызашар дастархандары жайылады.  Ораза күні 24-маусымда аяқталса, 25-маусым күні айт намазы оқылады. Қадір түні маусымның 21-нен 22-не қараған түніне келіп тұр, - деді Батыржан Берденұлы.

Сондай-ақ, өкіл имам дұрысында ауыз бекіту таң намазына 10 минут қалғанда тоқтатылуы тиіс. Алайда, бұл ретте түсінбеушіліктер де орын алып жатады. Айталық, көпшілік арасында таң намазы кіріп, күн шыққанға дейінгі аралықта ауыз бекітіп, құлшылық ережесін біліп, білмей бұзып жататындар кездеседі. Кейбірі таңда тұрып сәресі ішуге көңіл бөлмейді. Бұл оразаға деген ықылас-ниеттің кемдігін білдіреді, - дей келе ораза туралы көбірек насихаттаудың қажеттілігін журналистер алдына тартты.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

Жоғарыға