Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау өңірінің өкіл имамы

Атырау өңірінің өкіл имамы

Алтынбек Ұтысханұлы

 

18.09.1980 жылы дүниеге келген. «Нұр-Сұлтан» қаласында тұрады.

 

Білімі мен біліктілігі:

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қына елді мекенінде орта мектепті бітірген.

1993-1996 жылдар аралығында Ақмола облысы, Сілеті ауданындағы мешіттің жанынан ашылған медреседе діни сауат ашу курсында дәріс алған.

2001-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2005-2009 жылдар аралығында Мысыр мемлекетіндегі «Араб тілі орталығында» және «Мағһад али лиддирасатил исламииә» деп аталатын оқу орнында магистрлік бойынша дәріс алған.

2013 жылы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистрлік дессертация қорғаған.

Еңбек жолы:

1996-2001 жылдар аралығында Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Искра елді мекеніндегі мешітте имамдық қызмет атқарған.

2003-2004 ж.ж. Алматы қаласындағы Халифа Алтай діни орталығында ұстаз.

 

2009-2011 ж.ж. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз-насихат бөлімінің маманы болып жұмыс істеген.

2011-2012 жылдар аралығында Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.

2013-2016 ж.ж. Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2016-2019 ж.ж. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Насихат және қоғаммен байланысбөлімі, РАНТ және ЖАНТ, әйел-қыздар секторы, жастар секторы, хикмет телестудиясының меңгерушісі қызметін атқарып келді.

 

2019 ж бері Атырау облысы бойынша өкілі және Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы қызметін атқаруда.

 

 

Жеке шығармашылы:

 

5 діни кітаптың авторы:

 

1.      «Имам әліппесі»,

2.     «Қажылық және ұмра»,

3.     «Күнделікті діни сауалдарға жауап»,

4.     «Жастар шамшырағы»,

5.     «Ислам жарастыра ма? Таластыра ма?».

 

Екі діни кітапшаның авторы:

 

«Әрбір мұсылман білуге тиісті100 сұрақ-жауап»,

«Мұхаммед Алланың елшісі»

 

13  әртүрлі діни мақалалары Республикалық газет журналдарда жарық көрген.

 

Үйленген, үш баланың әкесі.

Жоғарыға